Жаңалықтар

Еділ Жаңбыршин: ЛГБТ мәселесін мемлекеттік деңгейде талқылау – трагикомедия

Еділ Жаңбыршин: ЛГБТ мәселесін мемлекеттік деңгейде талқылау – трагикомедия
Фото: Фото: Артем Чурсинов 21.06.2024 18:09 834

Қазақстанда «ЛГБТ насихатына» тыйым салуды талап еткен петиция 50 мың қол жинап, оны Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарауға жіберуге мүмкіндік берді. Бүгін ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петицияны талқылау мақсатында отырыс өтті. Бірақ жиында Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мемлекеттік деңгейде талқылау дұрыс емес деген пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мәселені мемлекеттік деңгейде талқылау – трагикомедия. Неге комедия? Себебі, бұл мәселені талқылаудың өзі ұят. Ал оны жарнамалап, жастарға насихаттау - үлкен трагедия. Ұлттық құндылықтарымызды жою дегенмен пара-пар. Тіпті, әдейі бізге қарсы ұйымдастырылған шабуыл десем артық айтпаймын. Өйткені болашақта өскелең ұрпақ осындай ауруға душар болса, елді соғыссыз-ақ басып алуға болады, - дейді депутат.

Айта кету керек, іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Мәжіліс депутаттары, қоғам белсенділері мен петиция авторы Бағила Балтабаева қатысты.

Бүгін еліміздегі үлкен мәселе бойынша жиналып отырмыз. Мен - бір жынысты ұйымдармен ашық түрде күрес жүргізіп жүрген анамын.  Бір жынысты ұйымдардың мүшелерін толықтай азаматтықтан шектеу емес, еліміздегі санасы қатпаған кішкентай балаларымызға ашық және жасырын түрдегі үгіт-насихат жасауға тыйым салынсын деймін. Петицияны өздерінің ыңғайына қарай бұрмалап жатқан мақалаларды да көріп отырмын. Бұл дүниенің болашақта елімізге, мемлекетке, ұлтқа үлкен қасіретін тигізетінін көріп, петиция дайындау шешімін қабылдадым,- деп түсіндірді Балтабаева.

Мәжілісмен Ринат Заитов өз ойын ортаға салып, бұл мәселеге заң бойынша тыйым салынуы қажет деп отыр.

Тақырыпқа бей-жай қарамай, талқыға салғанымыз дұрыс болды. Петицияны ұйымдастырғандарды қос қолдап қолдаймын. Мәжіліске келместен бұрын ЛГБТ туралы насихаттауға тыйым салу қажеттігін алға тартқан едім. Біздің ой – осы, - деді ол.

Депутат Ирина Смирнова өз тарапынан әріптестерінің сөзін қолдап, мәселеге қатысты ойын білдірді.

Үгіт-насихаттың мән-мағынасын түсіну қажет. Ең әуелі заңнамамызда «насихат» сөзін іздестіруден бастадым. Түсінуімше, біздің заңда бұған түсінік берілмеген екен. Қоғамда ЛГБТ тақырыбын ортаға салып, насихаттап жүргендерді де кездестірмедім. Десе де бұл адамдарға шектеу қоя алмаймыз. Себебі олар – отандастарымыз. Құқықтары тең дәрежеде қорғалады. Тыныш қана өмір сүріп, өзгелерді үгіттемесе болғаны, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға