instagram.com/kzchessfederation

Эдгар Мамедов Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер атанбақ

Ақтаулық Эдгар Мамедов Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер атанбақ. Бұл атақ оған ФИДЕ президенттік кеңесінің алдағы отырысында ресми түрде беріледі, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

14 жастағы шахматшы тек бір жылдың ішінде Эдгар барлық талаптарды орындады. Атап айтқанда:
GM нормалары: Aktobe Open 2024 (В.Дворкович мемориалы), Аликанте және Менорка (Испания) турнирлері;
Соңғы жетістік – Шарджадағы (БАӘ) аса мықты турнирде Эло рейтингінің 2500 межесін бағындырды.

Бұл – Қазақстан шахмат федерациясының Жас таланттарды қолдау бағдарламасының жемісі,-деп атап өтті федерациядан.