Жаңалықтар

ЕАЭО елдерінің 2 мыңға жуық азаматы Қазақстан банктерінен несие алған - депутат

ЕАЭО елдерінің 2 мыңға жуық азаматы Қазақстан банктерінен несие алған - депутат
Фото: © Pixabay.com 18.05.2023 10:30 849

Сенатта «ЕАЭО шеңберіндегі кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда кез келген ЕАЭО резиденті, жеке немесе заңды тұлға болсын, ЕАЭО-ның кез келген еліндегі екінші деңгейлі банктен несие ала алады.

Биылғы жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша ЕАЭО-ның басқа елдерінің 2 мыңға жуық жеке және 42 заңды тұлғасының біздің банктерде 119,5 млрд теңге несиесі бар. Бұл Ұлттық банктің мәліметтері. Алайда ЕАЭО елдері ішінде несиелік тарихпен алмасу мәселесі шешілген жоқ, - деді депутат Сергей Карплюк.

Депутат несие тарихымен ауысудың не үшін керектігіне тоқталды.

Біріншіден, ол адал қарыз алушылардың банктік қызметтерге қолжетімділігін кеңейтеді. Яғни оларға ЕАЭО-ның кез келген еліндегі банктен несие алу оңайырақ болады. Екіншіден, бұл банктердің өзін қорғайды. Банк қарыз алушының сенімділігін тексере алады және сол арқылы оның тәуекелдерін азайтады, - деп түсіндірді сенатор.

ЕАЭО шеңберіндегі келісімді ратификациялау Қазақстан экономикасына оң әсерін тигізетінін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға