Жаңалықтар

ЕАЭО-да ҚҚС алу тәртібі айқындалды

ЕАЭО-да ҚҚС алу тәртібі айқындалды
Фото: Pixabay.com 25.05.2024 23:14 619

ЕАЭО шеңберінде трансшекаралық саудада электрондық қызмет көрсету кезінде ҚҚС алу тәртібі айқындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СИМ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған тәртіп интернеттегі жарнама, домендік атаулар мен хостинг қызметтерін ұсыну, интернет арқылы электрондық кітаптарды, музыканы және басқаларды пайдалану құқығын беру сияқты электрондық қызметтердің 14 түрін қамтитын белгілі бір тізімде қолданылады.

Министрлік электронды емес қызметтерге жатқызылған қызметтер де анықталғанын алға тартты.

Бұл - тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сату, егер оларды жеткізу Интернет желісін пайдаланбай жүзеге асырылса, бағдарламалық қамтамасыз етуді немесе деректер базасын материалдық тасымалдағыштарда пайдалану құқығын сату немесе беру, Интернетті қоса алғанда, ақпараттық-телекоммуникациялық желіге қол жеткізуді ұсыну.

Тізбенің толық мәтінімен ЕАЭО құқықтық порталының сайтында танысуға болады: https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01444156/err_10102023_97.

Көрсетілген қызметтерге қатысты ҚҚС сатып алушының орналасқан жері бойынша алынады.

Айта кету керек, бұған дейін ҚҚС алу орнын анықтауда бірыңғай тәсіл болмаған, бұл көбінесе қосарланған салық салуға немесе, керісінше, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге салық төлемеуге әкеп соқтырған.

Сондай-ақ, ҚҚС төлеуді қамтамасыз ету үшін қызмет орны басқа мүше мемлекеттің аумағы деп танылған сатып алушыларға қызмет көрсететін сатушы осы басқа мүше мемлекеттің салық органында тіркелуге міндетті.

Бұл ретте, басқа мүше мемлекетте ҚҚС төлеуші ретінде қашықтықтан тіркелуге болады. Бұл электрондық декларация беру және салық төлеу процесін жеңілдетті.

Егер электрондық нысандағы қызметтер сатып алушылар орналасқан елде тіркелген және қызмет көрсетушімен жасалған шарт негізінде сатып алушылармен есеп айырысуға қатысатын делдал арқылы көрсетілетін болса, онда ҚҚС төлеу жөніндегі міндетті делдал орындайды.

Тұтастай алғанда, тәртіп салық рәсімдерін жеңілдетуге және ЕАЭО шеңберінде электрондық коммерция саласында неғұрлым әділ салық салуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға