Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен онлайн форматта кездесті, деп хабарлайды EL.KZ министрлікке сілтеме жасап.
Министр Рибейро ханымға Қазақстанда Президент жүргізіп отырған реформалар, отандық медиа саласының дамуы, журналистердің құқығын қорғау және мәртебесін көтеру, сонымен қатар ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде айтты.
Тереза Рибейро Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы реформаларында ақпарат құралдарын дамытуға да назар аударылғанына тоқталып, медиа заңнама жобасына қатысты бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.
Кездесу қорытындысында Дархан Қуандықұлы Рибейро ханымды жуырда өтетін Astana Media Week іс-шарасына шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада әскери қызметшілер арасында шахматтан жарыс өтті
Келесі жаңалық
ҚБТУ ғимаратындағы өрт оқшауланды