Жаңалықтар

«e-Otinish» жүйесі сапалы жұмыс жүргізуге ықпал етеді – министр

Жолдауда айтылған бағыттың жүзеге асырылуына тоқталды.
«e-Otinish» жүйесі сапалы жұмыс жүргізуге ықпал етеді – министр
Фото: ОКҚ 19.09.2022 18:56 2038

Мемлекет басшысы таяудағы Жолдауында әділет министрлігіне нақты тапсырмалар берген болатын. Аталған жұмыстардың жүзеге асуы жөнінде ОКҚ-да Әділет министрі Қанат Мусин брифинг өткізді, деп хабарлайды El.kz

Қанат Мусиннің айтуынша, әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс енгізілген күннен бастап, жаңа форматтағы әкімшілік сот төрелігінің бірінші жылында соттарда аяқталған әкімшілік істердің жалпы санынан аяқталған істердің 52%-ы бойынша талапкерлердің талаптары толық қанағаттандырылған.

«Осылайша, әкімшілік органның, лауазымды тұлғаның (сотқа жеткен) әрбір екінші шешімін сот күшін жояды. Бұл факт әкімшілік сот төрелігінің «жаңа» моделінің тиімділігін көрсетеді. 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардың өзара іс-қимылындағы көзқарасты түбегейлі өзгерткен әкімшілік іс жүргізу кодексі қолданысқа енгізілген», - деді.

Сондай-ақ министр «e-Otinish» ақпараттық жүйесін енгізу де әкімшілік сот төрелігінің жаңа моделі аясында сапалы жұмыс жүргізуге ықпал еткендігін атап өтті.

Бір жылдың қорытындысы бойынша министрлік құқық қолдану тәжірибесіне талдау дайындады. Қанат Мусин атап өткендей, соның арқасында азаматтар кез келген мемлекеттік органға өтініштерін оңай жібере алады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға