Жаңалықтар

E-gov.kz порталында жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру алгоритмі
E-gov.kz порталында жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Фото: newsroom.kz 22.08.2022 18:06 1541

Пандемия біздің еліміздегі мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға түрткі болды. Жүргізуші куәлігін ауыстыру – халық үшін, оның ішінде карантин ережелерін сақтау мақсатында жеңілдетілген көптеген процестердің бірі.

Бүгінде қалыпты өмір режиміне оралдық, алайда проактивті қызметтердің ыңғайлылығын көргендіктен, біз одан бас тартпаймыз.

E-gov.kz порталында жүргізуші куәлігін бірнеше қадаммен онлайн режимінде ауыстыруға болады:

✅ авторизациялаудан өтіңіз немесе тіркеліңіз;

✅ тиісті қызметті табыңыз;

✅ фотосуретті, қолтаңбаның сканерленген үлгісін қосып жүктеңіз;

✅ мемлекеттік бажды төлеу – 3 828,75 теңге;

✅ құжатыңыз дайын болғанда алғыңыз келетін мамандандырылған ХҚКО таңдау;

✅ нәтижелерді күтіңіз және құжатты алыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға