Жаңалықтар

Еңбек өтілі бір жылдан төмен этномәдени бірлестіктер қоғамдық аккредиттеу рәсіміне қатыспайды

Еңбек өтілі бір жылдан төмен этномәдени бірлестіктер қоғамдық аккредиттеу рәсіміне қатыспайды
18.02.2019 02:53 2085

Астанадағы Достық үйіндегі жұмыс семинары барысында елордалық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктеріне (ЭМБ) қоғамдық аккредиттеуді жүргізу қағидалары түсіндірілді.

Қоғамдық аккредиттеу - этномәдени бірлестіктер, олардың филиалдары және құрылымдық бөлімшелерінің қызмет ету деңгейінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының белгілі бір өлшемдері мен талаптарына сәйкестіктігін айқындайды.

Астана қаласы ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова атап өткендей, осы уақыттан бастап әрбір үш жыл сайын ЭМБ қоғамдық аккредиттеу рәсімінен өткізілетін болады. «Аттестациядан өткен этномәдени бірлестіктер  Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері деп аталатын болады. Қоғамдық аккредиттеу ережелері барлық ұсыныстар мен ескертулерді назарға ала отырып әзірленген. Қоғамдық аккредиттеу рәсіміне еңбек өтілі бір жылдан төмен болған этномәдени бірлестіктер  қатыса алмайды. Аттестаттауды өткізу мерзімі мамыр-маусым айына жоспарланған», - деді Л.Құсайынова.

Осылайша, қоғамдық аккредиттеу нәтижесі этномәдени бірлестіктердің, олардың филиалдарының және құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің Тізіліміне қосылу болып табылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға