Жаңалықтар

Еңбек ету қабілетінен айырылғандар төлемге өтінімді электронды форматта бере алады

Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Еңбек ету қабілетінен айырылғандар төлемге өтінімді электронды форматта бере алады
Фото: gov.kz 31.08.2022 10:51 2012

Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша төлемге өтінімді электрондық форматта беруге болады, деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті алуға өтінішті енді электрондық үкімет порталы (бұдан әрі – eGov.kz порталы) арқылы беруге болады. Бұрын өтініштер ХҚКО және медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) бөлімдері арқылы қағаз түрінде қабылданған еді.

Қызмет көрсетудің жаңа онлайн-форматы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды. 

eGov.kz порталы арқылы «Отбасыларға көмек» бөлімінде өтініш беру үшін «Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» тармағын таңдау қажет.

Осыдан кейін пайдаланушы порталда авторизациялануы, онлайн қызметке тапсырыс беруі, барлық міндетті мәліметтерді толтыруы және өтінімге электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қоюы қажет.

Қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды. Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі.

Қызметті алу үшін мүгедектіктің болуы және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы ақпарат (МӘС бөлімінің қорытындысы), сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және оған соңғы 24 айда түскен түсімдер туралы деректер талап етіледі, олар Еңбекминінің ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде тексеріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға