Жаңалықтар

ҮЕҰ академиясында біліктілік арттыруға болады

Жоба аясында ҮЕҰ өкілдері кәсіби дағдыларын дамыта алады
ҮЕҰ академиясында біліктілік арттыруға болады
Фото: egemen.kz 22.07.2022 15:33 2127

Cәуір айынан бастап "ҮЕҰ академиясы" әлеуметтік жобасы басталды. Бұл жобаны "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамалар орталығы" ҚБ жүзеге асырады, деп хабарлайды El.kz

2022 жылғы 16 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге жәрдемдесудегі елеулі үлесін және елдегі азаматтық сектордың рөлін арттыру қажеттілігін атап өтті:

"Үкіметтік емес сектор маңызды әлеуметтік мәселелерді көтеріп, оларды кешенді шешуге септігін тигізеді. Бүгінде Қазақстан алдында тұрған міндеттер мемлекет пен ҮЕҰ-ның өзара іс-қимылын күшейтуді, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде қайта жандандыруды талап етеді. Реформаларды дайындау мен іске асыруға қоғамдық ұйымдарды, белсенділерді неғұрлым кеңінен және терең тарту қажет".

"ҮЕҰ академиясы" әлеуметтік жобасының мақсаты: нысаналы топтарды сүйемелдеу процесінде және қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін ҮЕҰ өкілдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы олардың қызметін кәсібилендіру.

Жобаны іске асыру мерзімі 3 жыл – 2022 жылғы наурыздан 2024 жылғы желтоқсанға дейін.

Қазақстанның барлық өңірлерінің ҮЕҰ/КЕҰ өкілдері онлайн немесе офлайн түрде оқи алады.

ҮЕҰ академиясының құрылымы:

- ҮЕҰ ұйымдастыру-институционалдық даму факультеті;

- Жобалық менеджмент факультеті;

- Қаржылық менеджмент факультеті;

- Коммерциялық емес сектордағы менеджмент курсы;

- Азаматтық секторға арналған жаттықтырушылар курсы;

- "Өрелі ұрпақ" Онлайн-әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға