Жаңалықтар

Ең үздік жоба анықталды

Энергия тиімділігі жоғары ғимараттарға арналған студенттік жобалардың XI халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды.
01.06.2015 04:27 7660

Астанада энергия тиімділігі жоғары ғимараттарға арналған студенттік жобалардың 11-халықаралық байқауының финалы өтті. Әлемнің 20 елінен болашақ сәулетшілер қатысқан байқаудың биылғы тақырыбы – «Суық климатқа арналған тұрғын үй кварталы – Астана, Қазақстан».

Сәулет мамандығында оқып жүрген студенттер байқау талаптарына орай Астананың климатына лайықты тұрғын үй кешендерінің жобасын әзірлеген. Оларды сәулет саласындағы және энергия тиімділігі жоғары құрылыс саласындағы аты әлемге танылған сарапшылар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өкілдері, жергілікті басқару органдары, сондай-ақ Saint-Gobain компаниясының сарапшылары кіріп отырған қазылар алқасы бағалады. 

Ең үздік жоба анықталды

–Жартылай финалда жеңімпаз атанған студенттердің жобасын әкелдік,– дейді «Сен-Гобен» құрылыс компаниясының өкілі Игорь Тяпкин. – Іріктелген үздік сәулет жобалары «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағында бой көтеретін энергия тиімділігі жоғары құрылыс нысаны ретінде таңдалуы мүмкін. Көрме алаңының басты жобасы бар, студенттер өз идеяларын ұсынып отыр. Байқауға қатысқан әр үміткердің жобасында өзіндік ерекшеліктері бар.

ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы «Болашақ энергиясы» аталғандықтан, байқауға қатысушыларға тұрғын үй кешенінің үлгісін жасай отырып, экологиялық жағынан дұрыс ойластырылған ғимараттың сәулет жобасын жасау тапсырылды. Студенттер жобаны әзірлеу барысында Астананың қатал климатын мен аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, конкурс талабына сай жобалаланған нысан болашақта көптеген мүмкіндіктері бар жайлы жайлы үй ретінде салынуы керектігіне мән берген.

Ең үздік жоба анықталды

Үздік жоба ретінде таңдалған тұрғын үй кешені ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталғаннан кейін көмірқышқыл газының шығарылуын азайтатын және тұрғындарды жоғары деңгейде жайлы жағдаймен қамтамасыз ететін энергия тиімділігі жоғары құрылыс материалдарын қолдана отырып көрме аумағында салынатын болады.  

Биыл халықаралық байқауға Қазақстан, Ұлыбритания, Беларусь, Бельгия, Болгария, Қырғызстан, Латвия, Хорватия, Чехия Республикасы, Финляндия, Франция, Эстония, Польша, Румыния, Ресей, Словакия, Словения, Испания, Түркия, Украина мемлекеттерінің студенттері қатысты.

Ең үздік жоба анықталды

Киев ұлттық құрылыс және архитектура университетінің студенті Валентин Уваров

–Байқауға екінші рет қатысып отырмын. Болашақта көрме алаңында бой көтеретін тұрғын үй кешеннің сұлбасын жобалау барысында энергия тиімділігі жоғары құрылыс нысаны болу керектігіне баса назар аудардық. Астана шаһарының суық климатын ескер отырып, әр ғимараттың орналасу ерекшелігне көңіл бөлдік. Ғимарат тек көз тартып қана қоймай, аумағында адам тұрмысына  қажетті өзге де нысандардың болуын қамтамассыз еттік. Мәселен, тұрғындар алысқа ұзамай-ақ тұрғын үй аумағынан өзіне қажетті қызмет түрлерін таба алатындай. Мәселен, мәдени демалыс орындары, көлік жуу орталығы, дәріхана, дүкен, химиялық тазарту, сұлулық салоны секілді қажеттіліктер.   

Байқау қорытындысы бойынша  қазақстандық студенттер әзірлеген жоба «Ең үздік сәулет жобасы» атанып, бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Францияның студенттері, үшінші орынды Румыния студенттері қанжығалады.

Ең үздік жоба анықталды

«Байқауда қызықты жұмыстар өте көп болды, ең үздік сәулетшілер мен энергия тиімділігі жоғары технологиялар саласындағы мамандар кірген кәсіби қазылар алқасына үздік жұмыстарды таңдап алу қиынға соқты. Нәтижесінде құрамына Руслан Абельдинов, Валерия Сидоренко және Иван Шредер кірген Қазақстан командасы бірінші орынды иеленді. Таңдаудың осы командаға түсіп тұрғанының себебін түсіндіру оңай: қазақстандық жастардың жұмысы энергия тиімділігі жоғары технологияларды қолдану, сан-алуан жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету жағынан барынша үйлестірілген, байқаудың барлық талаптарына  жауап беретін жоба ретінде мойындалды», – деп атап өтті «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының сәулет-құрылыс департаментінің бас менеджері Зәуре Айтаева.

Ең үздік жоба анықталды

 «Біз байқауға жарты жылдан астам уақыт дайындалдық. Осы жеңіске жету үшін бірлесе күш салып, уақыт бөліп, талай тер төктік. Біздің мақсатымызжобаны көрікті ғана емес, сонымен бірге, қарапайым әрі қолжетімді ету болды. Жобалау кезінде біз ЭКСПО-2017 көрмесінің басты павильоны – Сфераны басты назарда ұстадық. Біз тұрғын кешенді жайлы, ыңғайлы әрі көп міндеттерді атқара алатын ғимарат етіп жасағымыз келді. Салған еңбегіміз ақталып отырғандығына және басқа қатысушылардың жұмыстарынан еш кем түспейтін жобаны өмірге әкеліп отырғанымызға біз қуаныштымыз», - деді жеңімпаздар командасының мүшесі Валерия Сидоренко.

Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ    

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға