Дзюдо федерациясы

Дзюдошылар Азия чемпионатының алғашқы күнінде 9 медаль алды

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Джакартада өтіп жатқан Азия чемпионатын олжалы бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жарыстың алғашқы күнінде отандық спортшылар 1 алтын, 3 күміс және 5 қола жүлдеге ие болды. Атап айтар болсақ, Фархат Зейнолла  (-50 кг) 1-орынға қол жеткізіп, чемпион атанды. Ал Бекнұр Амангелді (-55 кг), Таңжарық Момынтай (-60 кг) мен Заманбек Бақтығали (-66 кг) екінші орынға ие болды. 

Әбіш Пердалы (-50 кг), Аслан Ерғалиев (-55 кг), Зере Талғатқызы (-40 кг), Аяжан Ринатқызы (-48 кг) мен Жанайым Маратбек (-52 кг) үшінші орынды қанағат тұтты.