Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Токио Олимпиадасының чемпионын жеңді
26.09.2023 10:18
Фото:
©Тұрар Қазанғапов
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен 100 келіге дейін салмақта күресіп жатқан Нұрлыхан Шархан жартылай финалға өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Нұрлыхан алдымен Бахрейн атынан өнер көрсетін экс-ресейлік Зелимхан Таус Якуб Башаевты шидо саны бойынша жеңді.
Одан кейін ширек финалда жапон балуаны, Токио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы (2017) Аорон Вольфтан басым түсті. Сөйтіп жартылай финалға өтті.
Сол секілді Аруна Жангелдина (78 келі) мен Ғалымжан Қырықбай (+100 келі) жұбаныш белдесуге шығатын болды. Екеуі де ширек финалға жетіп сүрінді.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

