Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Циндао Гран-приіне қатыспайтын болды
Жуырда Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жарыстың алғашқы күні 26 қыркүйекке жоспарланған. Қазақстан құрамасының атынан сегіз спортшы сынға түседі.
Олардың барлығы ерлер арасында бақ сынайды. Халықаралық федерацияның мәліметіне сәйкес, құрамға енген спортшылар төмендегідей:
60 келіге дейін: Алдияр Қарғұлов, Даурен Сүйеукенов
66 келіге дейін: Нұрмұхамет Ботабай, Ердәулет Босжа
73 келіге дейін: Қуан Барыс, Береке Рахматуллаұлы
81 келіге дейін: Әділет Алмат, Айғали Қалдыбек.
Бұған дейін Ханчжоуда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогына қатысқан болатын. Аталған сында қазақстандық дзюдошылар аталған жарысты 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 3-ші орынмен аяқтады.

