Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады
28.07.2024 14:02
Фото:
t.me/olympickz
Қазақстандық балуан Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерлер арасында 66 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз испаниялық Давид Гарсия Торнені жеңді. Осылайша спортшымыз 1/8 финалға жолдама алды.
Ғұсман Қырғызбаевтың алдағы қарсыласы әзірге белгісіз.

