ҰОК

Дзюдошы Есет Қуанов Олимпиада чемпионына жол беріп, жарыстан шығып қалды

15.06.2025 16:14

Есет Қуанов дзюдодан әлем чемпионатында Олимпиада чемпионына есе жіберіп, 1/8 финалға шыға алмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Есет Қуанов 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарысты екінші айналымнан бастады.

Алғашқы қарсыласы - 2024 жылғы Олимпиада ойындарының аралас командалар сайысында алтын, ал жекелей сында күміс медаль иеленген француз дзюдошысы Жоан-Бенжамен Габа болды.

Кездесу барысында Габа айқын басымдық танытып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша, Есет Қуанов 1/8 финалға өте алмады.