ҰОК

Дзюдошы Әділет Алмат Қытайдағы Гран-при турнирінде қола үшін күреседі

Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при турнирінің екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Әділет Алмат финалдық кезеңге өтті.

Жартылай финалда отандасымыз жапониялық Есито Ходзеге есе жіберді. Енді отандасымыз қола медаль үшін Түркия өкілі Ведат Албайракпен белдеседі.