Жаңалықтар

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Grand Slam жарысына қатысады

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Grand Slam жарысына қатысады
Фото: olympic.kz 18.03.2024 14:43 825

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Тблисиде өтетін әлемдік Grand Slam жарысына қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

22-24 наурыз күндері Тблисиде әлемдік Grand Slam жарысы өтеді. Әлемдік додаға 83 елден 500-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған. 

Аталған жарыста Қазақстан құрамасынан қатысатын спортшылар тізімі келесідей:

Әйелдер: 
-48 кг: Ғалия Тынбаева 
-52 кг: Балнұр Әбдешова 
-57 кг: Бақыт Құсақбаева 
-63 кг: Кристина Сотникова 
-70 кг: Екатерина Токарева 
-78 кг: Маргарита Гриценко, Аруна Жангельдина 
+78 кг: Камила Берліқаш, Карина Такиева 

Ерлер:
-60 кг: Нұрқанат Серікбаев, Дәурен Сүйеукенов 
-66 кг: Есет Қуанов, Сұңғат Жұбатқан
-73 кг: Бақытжан Абдурахманов
-81 кг: Мади Амангелді 
-100 кг: Ислам Бозбаев
+100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға