Жаңалықтар

Дзюдодан Grand Slam жарысында Бақытжан Абдурахманов қола жүлдегер атанды

Дзюдодан Grand Slam жарысында Бақытжан Абдурахманов қола жүлдегер атанды
Фото: Дзюдо федерациясы 11.05.2024 17:46 610

Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирінің екінші күнінде Қазақстан ерлер құрамасының қоржынына тағы бір қола жүлде түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Бақытжан Абдурахманов (-73 кг) көтерілді. Бұл спортшымыздың мансабындағы тұңғыш Grand Slam жүлдесі.Кіші финалда Абдурахманов Ирландия спортшысы Джошуа Гриннан басым түсті. Бұл нәтижеге спортшымызға әлемдік рейтингте 500 ұпай қосылады.

Сондай-ақ, бүгін рейтингтік жарыстың үшінші орны үшін Абылайхан Жұбаназар (-81кг) мен Екатерина Токарева (-70кг) бақ сынайды.

Естеріңізге сала кетсек, жарыстың бірінші күнінде Ғалия Тынбаева алтын, Елдос Сметов қола жүлде еншілеген болатын.

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан жарыс 12 мамырға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға