Жаңалықтар

Дзюдодан Азия біріншілігінде ел құрамасы үш медаль алды

Бұл туралы дзюдо федерациясы хабарлады
Дзюдодан Азия біріншілігінде ел құрамасы үш медаль алды
Фото: olympic.kz 04.08.2022 21:28 1892

Елордада өтіп жатқан дзюдодан Азия біріншілігінде ел құрамасы қоржынына үш медаль түсті, – деп хабарлайды El.kz.

Құрлықтық додада әйелдер арасында Абиба Абужакынова (48 келі) күміс медаль алды. Ол ақтық сында Вакана Когаға есе жіберіп қойды.

Сондай-ақ, ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мағжан Шәмшадин қола жүлдегер атанды. Ол үшінші орын үшін сайыста моңғолиялық Ариунболд Энхтайванды тізе бүктірді. Жекпе-жек барысында дерлік ол қарсыласынан бір ұпай айырмасымен жеңіліп тұрған еді. Нәтижесінде әдіс қолданып, иппонды мерзімінен бұрын жеңіп алды.

Тағы бір қола медаль Ғұсман Қырғызбаевтың (66 келі) еншісіне бұйырды. Ол қырғызстандық Кубанычбеком Айбекуулумен кездесуі тиіс еді. Алған жарақатына байланысты қарсыласы татамиге шыққан жоқ. Осылайша Ғұсман қола жүлдегер атанды.

Еске салсақ, құрлықтық дода 4-7 тамыз күндері аралағында болады деп жоспарланып отыр. Оған Азияның 19 елінен 200-ден астам балуан келеді деп күтілуде.

Спортшылар 14 салмақта сынға түседі. Олардың қатарында еліміздің атынан қатысатын 18 балуан бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға