Дзюдодан Астанада өтетін Grand Slam турниріне кімдер қатысатыны белгілі болды
Мөлдір Қайнар тілші
Астанада өтетін дзюдодан әлемдік Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Турнир 10-12 мамыр күндеріне жоспарланған. Өз елімізде өтетін бәсекеге әр салмақта төрт балуаннан қатысуға рұқсат етілген.
Ерлер:
60 келі: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйеукенов;
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали, Есет Қуанов, Нұрсұлтан Зайзағалиев;
73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдірахманов;
81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, Жалғас Қайролла, Мәди Амангелді;
90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, Құдырет Досымов, Мұхамедәли Мавлидов;
100 келі: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев;
+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай.
Әйелдер:
-48 кг: Ғалия Тынбаева, Диана Буркеева, Алира Шегелекова, Жібек Жақсыбай
-52 кг: Толғанай Абеуова, Балнұр Әбдешова, Аружан Ережепова, Алима Жұмағалиева
-57 кг: Бақыт Құсақбаева, Ұлдана Үсейн, Дина Муханбет, Дана Әбдірова
-63 кг: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева, Кристина Сотникова, Зарина Сарипова
-70 кг: Екатерина Токарева, Анастасия Маякова, Анастасия Морозова
-78 кг: Лаура Жәнібекова, Анастасия Нагачевская
+78 кг: Аида Тойшыбекова, Ақерке Рамазанова, Карина Такиева, Назгүл Маратова
Олимпиадалық рейтингте ұпайын түгендеп алған спортшы әлем чемпионатында өнер көрсетуді мақсат етіп отыр.

