Дзюдодан ӘЧ. Дидар Хамза мен Анастасия Маякова жарысты аяқтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
11.05.2023 19:50
918
Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінде Қазақстанның намысын екі спортшы қорғады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ерлер арасында Дидар Хамза (90 келі) өнер көрсетіп, бірінші айналымнан аса алмады. Молдова өкілі Дорин Готоноагаға есе жіберді.
Әйелдердің бәкесінде татамиге Анастасия Маякова (70 келі) шығып, 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Пуэрто-Риконың 34 жастағы спортшысы Мария Перестен жеңілді.
12 мамыр күні әлем чемпионатында екі дзюдошымыз - Аруна Жангелдина (78 келі) мен Нұрлыхан Шархан (100 келі) өнер көрсетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада сакура мен сиверс алма ағаштары егілді
Келесі жаңалық
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды