Жаңалықтар

Дзюдодадан әлем чемпионатында бүгін күрескен үш балуанымыз жүлдесіз қалды

Дзюдодадан әлем чемпионатында бүгін күрескен үш балуанымыз жүлдесіз қалды
Фото: ijf.org 13.05.2023 18:23 1220

Дзюдодан Дохада өтіп жатқан әлем біріншілігінің соңғы жарыс күнінде Қазақстан балуандары жүлдеден тыс қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ерлер арасында +100 келіде күрескен тараздық Ғалымжан Қырықбай бірінші белдесуінде Кипр спортшысын ұтып, екінші кезеңге өтті. Эстон балуаны Приилин Туркты қиналмай ұтып, үшінші айналымға шыққан еді. Алайда ширек финалға шығар сында отандасымыз өзбекстандық Әлішер Юсуповтан ұтылып қалды. 

Ал әйелдер арасында +78 келіде Кәмила Берліқаш бірінші кездесуде Ангола спортшысын жеңгенімен, екінші кезеңде Италия дзюдошысынан айласын асыра алмады. Осы салмақтағы тағы бір балуанымыз Ақерке Рамазанова үндістанлық татами шеберінен басым түсіп, келесі сында жапон спортшысы Соне Акирадан өте алмады. 

Дохадағы әлем біріншілігі Қазақстан спортшысылары үшін нәтижесіз аяқталды. Бұған дейін әйелдер құрамасынан Абиба Әбужақынова қола жүлде үшін күресіп есе жіберген еді. Сонымен бірге, 60 келіде Нұрқанат Серікбай мен -100 келіде Нұрлыхан Шархан Жарысты 7-орынмен аяқтады. Өзге балуандар әлем чемпионатының іріктеу кезеңдерінде қарсыластарына жол берді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға