Дзюдо: Қазақстан жаңа маусымды әлемдік рейтингте нешінші орынмен бастайды
05.01.2025 14:06
Фото:
ҚР ҰОК
Дзюдодан жаңа маусымдағы алғашқы ірі халықаралық жарыс Францияның Париж қаласында өтетін Grand Slam сериясының кезеңі болмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Турнир 1-2 ақпан аралығында өтеді. Бұл турнир ерекше маңызға ие. Себебі дзюдошылар өткен жылдың желтоқсан айының ортасында ресми түрде енгізілген жаңа ережелер бойынша сынға түседі.
Қазір Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингіде 12-орында тұр. Жинаған ұпай саны – 87 541.
Көш басында – Жапония (219 217 ұпай). Екінші орында – Франция (184 924 ұпай). Үшінші орынды бейтарап тудың астында өнер көрсететін спортшылар иеленуде (114 452 ұпай).
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

