Джо Байденнің ұлы 15 жылға сотталуы мүмкін
06.09.2024 13:27
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Джо Байденнің ұлы Хантер Байден өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ президентінің ұлы Хантер Байден салықтан жалтару ісінде барлық пунктер бойынша күтпеген жерден кінәсін мойындады. Енді ол көпшілік алдындағы сот процесінен құтылды.
Судья Марк Скарсидің мәліметінше, Байденнің ұлы 15 жылға дейін сотталып, миллион доллар айыппұл төлеуі мүмкін.
Айта кетейік, Хантер Байденге 2016-2019 жылдары 1,4 миллион доллар салық төлемеді деген айып тағылып отыр.

