Ақ үйдің баспасөз қызметі

Джо Байденнің әйелі ауырып қалды

АҚШ президенті Джо Байденнің әйелі коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, 72 жастағы Джилл Байден коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже берген.

Оқи отырыңыз:

Бірінші ханымның COVID-19 жұқтырғаны расталған соң, президент тапсырған сынама теріс нәтиже көрсетті. Осы аптада ол үнемі тексерістен өтіп, симптомдарын бақылап отырады, - делінген Ақ үйдің баспасөз қызметі.

Байден жұмыс кестесін өзгертпегені анықталды. Ол Үндістанда өтетін Үлкен жиырмалықтың саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.