Дженнифер Лопес қазақстандық әншілерге ерекше ұсыныс жасады
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
Әлемге әйгілі поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертінде қазақ әндері де шырқалатын болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Дженнифер Лопестің командасы қазақстандық «Формат» тобына концертте өнер көрсетуге ұсыныс білдірген. Бұл туралы топтың солисі Қайрат Баекенов Instagram парақшасында қуанышты жаңалығын жеткізді.
Бізге Джей Лоның концертіне қатысып, өнер көрсетуге ұсыныс түсті. Ең қызығы бұл ұсыныс біздің ұйымдастырушылардан емес. Дженнифер Лопестің командасы әр елде өтетін концерт алдында жергілікті әртістерді мұқият зерттеп, өз стиліне сай таланттарды өзі таңдайды екен. Мұндай әртістерді олар «support artist» деп атайды. Сол үміткерлердің арасынан бізге тоқталған сияқты. Ендеше, сахнада ең үздік әндерімізді орындаймыз. Ал сіздер қандай әнімізді естігіңіз келеді? Пікірге жазыңыздар. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін аса маңызды, - дейді әнші Қайрат Баекенов.
Айта кетейік, америкалық поп-музыка жұлдызы Дженнифер Лопес осы жазда өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында Қазақстанның екі қаласында концерт өткізеді. Концерт 1 тамыз күні Астанада, 10 тамыз күні Алматыда өтеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

