Дженнифер Лопес концертіне келгендер экологиялық акция өткізді
02.08.2025 10:06
Фото:
Астана қаласы әкімдігі
«Астана Арена» стадионында өткен Дженнифер Лопестің ерекше шоуынан кейін көрермен қауым ерекше экологиялық бастама көтерді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Концерт аяқталған соң жұрт трибунадан кетіп қалмай, стадиондағы қоқысты жинап, мәдениеті мен жауапкершілігінің жоғары деңгейін көрсетті.
Акцияға елорда тұрғындарының сүйікті кейіпкеріне айналған Тазабек те қосылды. Ол да көрермендермен бірге тазалыққа үлес қосып, ерекше бастамаға үлес қосты.

