Джеки Чан Ақ Олимпиада алауын ұстады
05.02.2022 09:56
Әлемдегі ең танымал киноактерлердің бірі Джеки Чан Бейжің-2022 қысқы Олимпиада алауының эстафетасына қатысты, деп хабарлады kaz.vesti.kz.
Ұлы Қытай қорғанында алау ұстап жүгіргендердің арасында Джеки Чан да болды. Эстафетаны көруге жиналған жанкүйерлердің барлығы актерге қошемет көрсетті.
«Таңғы 4.00 ояндым. Бұл менің төртінші Олимпиадам. Шынымды айтсам, осындай эстафета алауымен жүгіруге мүмкіндік сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Өзімді бақытты сезініп тұрмын», – деді Джеки Чан.
Еске салайық, Олимпиада ойындары Қытай астанасында ақпан айының 4 мен 20-сы аралығы өтеді. Қазірдің өзінде фристайл-могул, керлинг, шаңғымен тұғырдан секіру және өзге де спорттық ойындардың іріктеу кезеңдері басталып кетті.
baq.kz
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

