Getty images

Джеки Чан Маңғыстауда фильм түсіреді

Әлемдік кино жұлдыз Джеки Чан және режиссер Роберт Кун жаңа ірі киножобаның негізгі түсірілім алаңы ретінде Маңғыстауды бекітті. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Мәліметке сүйенсек, әлемдік актер табиғи ерекшелігі үшін фильмінің түсірілім орны ретінде Маңғыстау өңірін таңдаған.

Фильмнің Маңғыстауда түсірілуі Қазақстан киноиндустриясы үшін маңызды оқиға ретінде бағаланып отыр. Жоба еліміздің халықаралық кинематографиялық кеңістіктегі орнын нығайтып, өңірге инвестиция тартуға, сондай-ақ, креатив индустрия мен туризм әлеуетін дамытуға ықпал етеді, - деп жазылған хабарламада.