Жаңалықтар

Джакартада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аталып өтті

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады
Джакартада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аталып өтті
Фото: СІМ 19.09.2022 17:40 1117

Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігінде ұлт ұстазы, тіл білімінің атасы, алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды El.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға «Dimash Indonesian Dears» жанкүйерлік клубының мүшелері, Джакартаның жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдері, «Dompet Dhuafa» қайырылымдық қорының өкілдері, танымал индонезиялық блоггерлердің бірі Лиа Малик, сондай-ақ Индонезия жазушылар бірлестігінің мүшесі, бірқатар романдар мен әңгімелердің жазушысы Асма Надия қатысты.

Іс-шара барысында Елшіліктің дипломаттары Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы және саяси қызметі туралы презентация жасады. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы деректі фильм көрсетілді.

Сонымен қатар, «Dimash Indonesian Dears» жанкүйерлік клубының мүшесі Тита Коссатита А.Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңін қазақ тілінде оқып беріп, оның мазмұнын индонезиялық тілде айтып берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға