pixabay

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

21.11.2022 02:35

Қазгидромет 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, солтүстігінде, шығысында, орталығында – қар жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшеюі, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты қар, Түркістан, Алматы облыстарының таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады.