Жаңалықтар

Дүйсенбіде бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Дүйсенбіде бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: © El.kz 27.11.2023 02:21 640

27 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 27 қараша, дүйсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға