СІМ-нің баспасөз қызметі

Душанбеде Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

31.08.2025 05:28

Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары аясындапремьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ел астанасындағы бірқатар тарихи және мәдени нысандарға барды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

М.Нұртілеу бастаған қазақ делегациясы 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы шекарасын қорғау кезінде әскери борышын атқару барысында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған монументке гүл шоқтарын қойды.

Сонымен қатар Әбілқасым Фирдауси атындағы мәдениет және демалыс саябағында 2024 жылы Душанбеде орнатылған қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының бюстіне гүл шоқтары қойылды.

Аталған іс-шаралар Қазақстанның тарихи жадыны сақтау және Қазақстан мен Тәжікстан халықтарын біріктіретін рухани құндылықтарға құрмет көрсетуге бейілділігінің айқын көрінісі болды.

Қазақстандық жауынгерлерге арналған монумент 2007 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Ұлттық ұланының және өзге де қоғамдық ұйымдардың қолдауымен ашылып, 2021 жылы қайта қалпына келтірілді.