Дуровтың қамауға алынуы: іске БАӘ араласты
27.08.2024 09:05
Фото:
durov/ instagram
БАӘ билігі Франциядан өз елінің азаматы Павел Дуровқа барлық қажетті консулдық қызметті қолжетімді етуді талап етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елдің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл іс Абу-Дабидің ерекше бақылауында.
Соңғы деректер бойынша, Дуровқа 12 түрлі айып тағылған. Прокуратура құзырлы органдарға ақпарат беруден бас тарту, алаяқтық пен есірткі сатуға қатысының болуы, балалардың порнографиялық видеоларын сақтауға, киберқылмыстарға, ақша жылыстатуға қатысуы және т.б. бар екенін алға тартты.
Дуровтың көмекшісі мен күзетшісі босатылған.
Айта кетейік, Telegram-ның негізін қалаушыда Ресей, БАӘ, Франция, Сент-Китс және Невис елдерінің азаматтығы бар.
Оны қамауда ұстау мерзімі 28 тамызда аяқталады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

