istockphoto.com

Дүниежүзілік жазғы Универсиадада ел қоржынына қос медаль түсті

Германияның Рейн-Рур аймағында өтіп жатқан  ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы мен таеквандодан Дамир Шуленов  ел қоржынына қос бірдей жүлде салды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Бұл сүйінші жаңалықты Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбек желі парақшасында жариялады.  

Спортшы Айбота Ертайқызы таспамен жаттығуда  сәтті өнер көрсетіп, үшінші орынды иеленді. Ал Дамир Шуленов таеквандо жарысында үшінші орынға жайғасып, қола медальдің иесі атанды. 

Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан Жазғы Универсиада 16 шілдеде басталған болатын. Байрақты бәсеке 27 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстан намысын 12 спорт түрінен 76 спортшы қорғауда.