Жаңалықтар

Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары: астаналық грэпплинг шеберлері жүлдегер атанды

Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары: астаналық грэпплинг шеберлері жүлдегер атанды
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 26.10.2023 22:33 941

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында грэпплингтен үздік спортшылар анықталды. Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған Астаналық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айтулы додада ақтық белдесуге дейін ел намысын қорғаған Астаналық спортшы Нұрбек Талбудин (84 кг) өзбекстандық Ұлықбек Рахмоновқа есе жіберіп, күміспен күптелді.

Мен үшін қиын қарсыластың бірі. Алдында Ташкенттегі турнирде де есем кеткен. Соған қарамастан бүгін өте тартысты жекпе-жекте болды. Бір ғана қателік алтынның тағдырын шешіп кетті. Биылғы халықаралық жарыстар біз үшін аяқталды. Алда ел чемпионаты қалды. Сонда өз салмағыммен, 71 келіге дейін өнер көрсетемін, - деді Нұрбек марапаттау рәсімінен кейінгі сұхбатында.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында грэпплингтен елордалық бұрымды аруларымызда үздік үштіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, қос жерлесіміз Фариза Құлынтай америкалық (64 кг), ал Шынар Өзбекова италиялық (71 кг) қарсыластарынан басым түсіп, қола медаль еншіледі.

Қазір Қазақстан құрамасының жалпы есепте 2 алтын, 4 күміс және 8 қола медальмен 8-орында тұр. Көш басында 10 чемпионы бар Украина. Жалпы Ар-Риядқа келген 80 мемлекеттің 65-і жүлдеге қол жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға