Жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: 10 жылда аламан бәйгеде қай елдің аттары үздік шыққан

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: 10 жылда аламан бәйгеде қай елдің аттары үздік шыққан
Фото: Ұлттық ат спорт орталығының баспасөз қызметі 13.09.2024 17:30 6336

Бүгін Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аяқталды. Көпшіліктің делебесін қоздырған сайыстың бірі – аламан бәйге болғаны жасырын емес. Алғаш рет Орта Азия көлеміндегі үздік сәйгүліктердің басы қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көшпенділер ойыны осыдан тура 10 жыл бұрын өтті. Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласындағы дүниежүзілік додаға 19 ел қатысқан болатын. Мұнда аламан бәйгеде Қырғызстанның «Қарат байыр» тұлпары мәреге бірінші келген болатын. Қазақстаннан барған сәйгүліктерден «Қара құс» аздаған секунд қалып, екінші орынға табан тіреген. Үздік үштікті тағы бір қырғыздың аты «Манас оюндары» түйіндеген.

Жалпы, алғашқы Көшпенділер ойынында 25 ат аламан бәйгеде бақ сынады. Қазақстан мен Қырғызстаннан бөлек, тәжіктерде өз сәйгүліктерін қосты.

Аламан бәйгенің жүлде қоры 4,8 миллион сом болды. Жүлдені ат иелеріне бөліп берді.

Аламан бәйге, 2014 жыл (22 шақырым):

1-орын: «Карат Байыр» (Қырғызстан) – 1 млн сом;

2-орын: «Қара құс» (Қазақстан) – 500 мың сом;

3-орын: «Тачанка» (Қырғызстан) – 300 мың сом;

4-орын: «Бағира» (Қырғызстан) – 200 мың сом;

5-орын: «Симони» (Қырғызстан) – 100 мың сом;

6-орын: «Әл-Аашғар» (Қырғызстан) – 76 мың сом;

7-орын: «Эроша» (Қырғызстан) – 50 мың сом.

Айтпақшы,  осы аламан бәйгеден кейін бір жылқы зорығып өлді. Мәреге төртінші келген Ыстықкөлдік «Бағира» тұлпары көпке шыдамаған болатын.

Өкінішке қарай, бұл жарыс түрлерінде мұндай жағдай жиі кездеседі. Бұл өте алыс жол, бір мезгілде бірнеше жылқы өліп қалған жағдайлар да болған. Ұзақ қашықтыққа жарыс тек аттарға ғана қауіпті емес, шабандоздарға оңай емес.  «Аламан бәйге – өте қиын қашықтық, - деп түсіндірген болатын Ұлттық ат спорты федерациясының өкілі Айнұр Ергешова сол кезде.

Есесіне, сол жылы қысқа қашықтықтарда Қазақстан аттары жақсы нәтиже көрсетті. Мысалы, 1600 метрлік ұшқыр бәйгеде Павлодардан барған Еділ Құсайыновтың «Праудкисс» аты жеңіске жетті.

11 шақырымдық құнандай бәйгеде 1-2 орын Қазақстаннан барған «Аттила» және «Титан» аттарына бұйырды.

Ал 2016 жылы 10 айналымнан тұратын 22 шақырымды Қазақстаннан барған Серік Маймақовтың «Исфалан» аты бірінші кесті.  Ат үстінде жокей Шермат Серіков болды. Екінші орын да Қазақстанға бұйырды. Жергілікті аттардың бірі тек үшінші орынға табан тіреді.

Аламан бәйге, 2016 жыл (22 шақырым):

1-орын: «Исфалан» (Қазақстан)

2-орын: «Шахризад» (Қазақстан)

3-орын: «Хабар» (Қырғызстан)

4-орын «Карат»  (Қырғызстан)

5-орын: «Қара-Байыр» ​​(Қырғызстан)

6-орын: «Таң-Сұлу» (Қырғызстан)  

7-орын: «Атлетика»  ​​(Қырғызстан).

Ал құнандай бәйгеде Қазақстан аттары алғашқы бестіктен көріне алмады.

Құнан бәйге, 2016 жыл (11 шақырым):

1-орын:«Байторы» (Қырғызстан)

2-орын: «Қара көз» (Қырғызстан)

3-орын: «Сантанико» (Қырғызстан)

4-орын: «Ханыша» (Қырғызстан)

5-орын: «Ажар» (Қазақстан).

Жорға, 2016 жыл (11 шақырым):

1-орын: «Вулкан» (Қырғызстан)

2-орын: «Альдебаран» (Қырғызстан)

3-орын: «Чагылган» (Қырғызстан).

Павлодарлық Еділ Құсайынов бұл жолы ұшқыр бәйгеде үздік болды. Сөйтіп, екі дүркін Көшпенділер ойынының жеңімпазы атанған еді.

Ұшқыр бәйге, 2016 жыл (1600 метр):

1-орын: «АшИнвадер» (Қазақстан)

2-орын: «Холл Командор» (Польша)

3-орын: «Пол Харпагар» (Польша).

Ұшқыр бәйге, 2016 жыл (2400 метр):

1-орын: «Файдинг Даймондс» (Қырғызстан)

2-орын: «РоялТюлип» (Қырғызстан)

3-орын: «Присаннела» (Қазақстан).

2018 жылы Көшпенділер ойынында қырғыздың «Байторы» үздік шықты. Екінші орынға Ресейден келген «Искандер» табан тіресе, үштікте Ыстықкөлдің «Жол-Бол» сәйгүлігі болды.

Енді биыл Астанадағы көшпенділер ойынында Қазақстан мен Қырғызстанның ең үздік сәйгүліктері бас қосты. Биыл аламан бәйге 25 шақырымға созылды. Қырғыздың «Қара қыз» тұлпары мен Жетісу облысының «Жұмыртұяғының» бәсекесін көруге келген көрерменде де есеп болмады. Дегенмен мәреге екеуін де қапы қалдырып, Жамбыл Бөбекбай қосқан «Айқабақ» шашасына шаң жұқтырмады. «Жұмыртұяқ» екінші, «Қара қыз» үшінші келді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: 10 жылда аламан бәйгеде қай елдің аттары үздік шыққан Фото - kabar.kg

Биылғы ережеге келсек, бәйгеде атқа шабатын шабандоз 8 жасқа толуға тиіс. Ал құнан бәйгеде жылқының тұқымына ешқандай шектеу болған жоқ. Бұл жерде басты ереже, тісін санады. Сосын екі жастан асқанын қадағалады. Қазақстан атбегілері алты құнан қосуға мүмкіндік алды.

Ұшқыр бәйге 1600 метр:

1-орын: «Шағала», жокей – Рамазан Табылдиев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тілек Мұқанбеткалиев (Қазақстан);

2-орын: «Арлан», жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Турганжан Юлдашев, ат иесі – Булгынов Мерхат (Қазақстан);

3-орын: «Струна», жокей – Расул Алпысбай, бапкері – Есбол Нұрасылов, ат иесі – Асылан Жиембет (Қазақстан).

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: 10 жылда аламан бәйгеде қай елдің аттары үздік шыққан

Фото - «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Ұшқыр бәйге 2400 метр:

1-орын: «Берил Рэйсер», жокей әрі бапкері – Асланбек Байкенов, бапкері Байкенов Асланбек, ат иесі – Бахтияр Байзаков (Қазақстан).

2-орын: «Адай», жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тілек Мұқанбеткалиев Қазақстан);

3-орын: «Роузлайн», жокей әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі – Қарабай КФХ (Қазақстан);

Ұшқыр бәйге 3200 метр:

1-орын: «Лайф’с Э Бриз», жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері және ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан);

2-орын: «Уэст Кост Найт», бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі  Дәурен Жүсіпов, ат иесі Карабай КФХ,(Қазақстан);

3-орын: «Аляска Тайгер», жокей әрі бапкері – Рамазан Табылдиев, ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан).

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: 10 жылда аламан бәйгеде қай елдің аттары үздік шыққан

Фото - «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Жорға 9 шақырым:

1-орын: «Чиксон Лок». жокей – Жайлообек уулу Чубан, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Жақыпбек Қарыпбеков (Қырғызстан);

2-орын: «Ақ-жауын». Жокей – Ербұлан Тілеуғалиұлы, бапкері – Шабдан Алмазбекұлы, ат иесі – Қымбат Тілеуғалиұлы (Қазақстан);

3-орын: «Императрица». Жокей – Нурэл Иранов, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Омурбек Бабанов (Қырғызстан).

Құнан бәйге 11 шақырым:

1-орын: «Қамысқұлақ», шабандозы – Әмір Серік, ат иесі – Біржан Шаймерденов, бапкері – Қуаныш Шақанбаев (Қазақстан)

2-орын. «Айшуақ», шабандозы – Аңсар Арыстанбек, ат иесі – Алтынбай Қасым, бапкері – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан)

3-орын. «Бақторы», шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш, ат иесі – Айбек Бейсбаев, бапкері – Әділет Ноқатай (Қазақстан).

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: 10 жылда аламан бәйгеде қай елдің аттары үздік шыққан

Фото - «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Топ бәйге 18 шақырым:

1-орын: «Холибой», шабандозы Бақтыбай Сержан, бапкері Медет Ералимов, ат иесі Еділ Буралкиев (Қазақстан);

2-орын: «Зымыран», шабандозы Арнат Мұратхан, бапкері Табылдиев Нұржігіт, ат иесі Табылдиев Нұржігіт (Қазақстан);

3-орын: «Кемеңгер», шабандозы Жанболат Марден, бапкері Саламат Ахметов, ат иесі Бекболат Серікбеков (Қазақстан).

Аламан бәйге 25 км шақырым:

1-орын: «Айқабақ», шабандоз – Аңсар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сәтпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан);

2-орын: «Жұмыртұяқ», шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан);

3-орын: «Қара қыз», шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керімбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақ уулу Изат (Қырғызстан).

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында аламан бәйгеде оза шапқан тұлпарды дайындаған бапкер Сапарғали Сәтпаев бәйгеден кейін өз әсерімен бөлісті.

«Айқабақты» 14 жастағы Аңсар тізгіндеді. Ол 2020 жылдан бері атқа шаба бастаған. Менің аттарыма 2020 жылдан бері шауып жүр. Аттың жасы – үште. Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арнайы дайындалдық. Қазақстан чемпионатының іріктеулеріне қатыстық. Мақсат – бастапқы үштік болатын. Аңсар өзімнің інім. Алматы облысы, Жетіген ауылынанбыз, - дейді Сапарғали Сәтпаев.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға