Жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты жиын өтті

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты жиын өтті
Фото: Туризм және спорт министрлігі 15.08.2024 20:12 597

Елордадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты жиын өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басқосуға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабасынов, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Мұратбек Қыпшақбаев, сондай-ақ федерация президенттері мен бас жаттықтырушылар қатысты. Отырыста 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру және ұлттық құрама спортшыларының дайындығы сөз болды.

Биыл елімізде өтетін ірі додалардың бірі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары екені белгілі. Дүбірлі доданың басталуына да санаулы күндер қалды. Ойындарға әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде көшпенді емес елдерден де командалар қатыспақ. Сондықтан көшпенділер бәсекесін абыроймен өткізуге бар күшімізді жұмсау керек, - деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында 21 спорт түрінен өтеді. Оның тең жартысы - қазақтың ұлттық ойындары. Федерация басшылары мен бас жаттықтырушылар спортшыларымыздың дайындығы жоғары деңгейде екенін және дүбірлі додада жақсы нәтиже көрсетуге тырысатындарын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға