Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: елордада арнайы автобустар қатынамақ
03.09.2024 21:33
Фото:
Астана қаласы әкімдігі
Елордада 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Қала бойынша азаматтарға ыңғайлы болу үшін арнайы автобустар іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, жарыс кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін бірнеше орыннан жүретін арнайы автобустар іске қосылады:
- «Астана Арена» тұрақ аймағы
2. «Бас мешіт» тұрақ аймағы
3. «ЕХРО» тұрақ аймағы
Елорда тұрғындары мен қонақтарын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу орындарына қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 15 қыркүйекті қоса алғанда №18, 37, 303, 323 маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

