Дулат Тастекей - ұлттық құндылықтарды насихаттауды белсене қолдап жүрген кәсіпкер. Айтысқа, жас ғалымдарға, түрлі жобалар мен мешіт құрлыстарына демеуші болған. Меценаттың компаниялар тобындағы басты талап - қазақ тілін білу. Тіл үйрету курстарын ашып, қазақша білмейтіндерге үйренуге мұрындық болған. Шетелде бизнес-білімін шыңдап жүрген кәсіпкер бүгінгі сұхбатта көп мәселені қамтыды.