Дулат Бекбауов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: ҰОК
Фото: ҰОК
04.12.2024 15:56
233
Қазақстан құрамасының боксшысы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1/4 финалда қазақстандық боксшы малайзиялық Ариф Мұхаммадқа қарсы жекпе-жек өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Бекбауов жекпе-жек барысында толық үстемдік танытып, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта кездесу тоқтатылып, Дулат жартылай финалға өтті. Осылайша, ол Азия чемпионатының медалін иеленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда альпинист 12-қабаттан құлап көз жұмды
Келесі жаңалық
Алматыда бірнеше ауданда кедергісіз тұрақтар іске қосылады