Дубайда 1,5 мың қазақстандықтың жылжымайтын мүлігі бар. Бұл туралы Еуропа салық обсерваториясы жариялаған баяндамада белгілі болды,- деп хабарлайды El.kz.
Еуропа салық обсерваториясы сарапшыларының мәліметінше, 800 мың шетел азаматының жылжымайтын мүлігі тіркелген.
Құжатта келтірілген мәліметке сенсек, офшорлық жылжымайтын мүліктің үлесі басым. Шетелдік бай-манаптар Дубайдағы жылжымайтын мүлікке 146 миллиард долларға жуық инвестиция салған.
Аталмыш баяндамада 1550 қазақстандықтың иелігіндегі 2694 нысан бар екені айтылған. Олардың жалпы сомасы 1,018 млрд долларды құрап отыр.
«Дубай – қазақтардың екінші астанасы» деген қалжың тегін айтылмаса керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертең еліміздің бірқатар өңірінде дауыл болады
Келесі жаңалық
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйде лифт шахтасы өртенді