depositphotos.com

Дубайда тұратын қазақстандықтардан көмек қажет – СІМ

01.03.2026 16:24

Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы онда тұрып жатқан отандастарымызға үндеу жасады. Олардан қолдау көрсетіп, белсенді азаматтық позиция таныту сұралады, деп хабарлайды El.kz.

Қазіргі уақытта БАӘ аумағында қысқа мерзімге келген немесе транзитпен бара жатқан Қазақстан Республикасының көптеген азаматтары бар. Қалыптасқан жағдайда оларға уақытша көмек пен қолдау қажет болуы мүмкін. Егер Сізде жәрдемдесу мүмкіндігі болса (уақытша орналастыру, тамақтандыру немесе өзге де маңызды көмек), төменде көрсетілген контактілер бойынша хабарлауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, қиын жағдайда қалған Қазақстан азаматтары туралы білсеңіз, дипломатиялық миссияларға хабарлаңыз, — делінген әлеуметтік желілерде жарияланған үндеуде.

Байланыс телефондары:

  • Әбу-Дабидегі ҚР Елшілігі: +971 50 508 5226, +971 2 449 8778
  • Дубайдағы ҚР Бас консулдығы: +971 50 570 1978, +971 4 547 5784

Сонымен қатар, Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыста жүрген 735 жолаушыны өз қаражаты есебінен қонақүйлерге бір тәулікке орналастырғанын хабарлады. Бұдан әрі болуды ұйымдастыру, заңгерлік көмек алу немесе елге қайту мәселелерін шешу үшін жолаушылар СІМ сайтында жарияланған жедел желі нөмірлеріне хабарласуы тиіс.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Дубайдан ұшып шыға алмай жатыр.

ҚР СІМ және шет елдердегі мекемелердің жедел желі нөмірлері

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан СІМ шұғыл байланыс нөмірлерін ұсынады:

ҚР Сыртқы істер министрлігі:

  • +7 7172 72 05 00 (Консулдық қызмет департаменті)
  • +7 (7172) 72 01 11 (Кезекші дипломат)

Ирандағы Елшілік (Тегеран):

  • +98 21 2256 5933 (Кезекші);
  • +98 936 208 4672 (WhatsApp)

Горган қаласындағы Бас консулдық:

  • +98 912 298 0350;
  • +7 701 771 34 01 (WhatsApp)

Бандар-Аббастағы Консулдық:

  • +98 930 298 57 03 (WhatsApp)

Басқа елдердегі Елшіліктер:

Иордания:

  • +962777688885

БАӘ (Әбу-Даби):

  • +971 50 508 5226

Дубай (Бас консулдық):

  • +971 50 570 1978

Сауд Арабиясы:

  • +966 55 663 0177

Катар:

  • +97450649955,
  • +97451000733

Кувейт:

  • +965 6704 2545

Ливан:

  • +9614713467,
  • +9614713447

Бахрейн:

  • +97333480890

Израиль:

  • +972 (3) 503 78 85;
  • +972 54 878 4608 (WhatsApp);
  • +7 7017314177 (WhatsApp).