visit dubai

Дубайда әлемдегі ең биік қонақүй ашылады

Осы жылдың қараша айында Дубайдағы Ciel Dubai Marina қонақүйі ашылады, ол әлемдегі ең биік, тек қонақүйге ғана арналған ғимаратқа айналмақ, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сонымен қатар, жер шарындағы ең биік панорамалық бассейнді де дәл осы Ciel Dubai Marina-дан көре аласыз.

Report ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл мәлімет қонақүйдің ресми сайтында жарияланған.

Жаңа қонақүй IHG компаниясының Vignette топтамасына кіреді және 377 метр биіктікте орналасқан 82 қабаттан тұрады. Жоба ерекшелігі ретінде 76-қабатында орналасқан алып бассейнде болып отыр. Осы арқылы тағы бір Дубайлық қонақ үй Address Beach Resort-пен бәсекеге түспек.