Жаңалықтар

ДСМ жедел жәрдем қызметіне енгізілетін өзгерісті түсіндірді

ДСМ жедел жәрдем қызметіне енгізілетін өзгерісті түсіндірді
Фото: El.kz/Артем Чурсинов 26.09.2024 10:12 323

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Айгерім Уразалиева жедел жәрдем қызметінің уақытына байланысты енгізілетін өзгеріс туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірқатар БАҚ-та жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұнын қате түсіндіру жарияланды. Осыған байланысты біз түсіндіреміз: бұрынғыдай, 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациенттер шақырту санатына қарамастан толық көлемде медициналық көмек алады.

Сонымен қатар, жеделдікті жақсарту үшін жұмыс уақытында шұғылдықтың IV санатындағы шақыртуларға қызмет көрсетуге медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары тартылатын болады.

Кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел көмек бригадалары қызмет көрсететін болады. Осылайша, азаматтар үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды және пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы одан әрі жақсарады, - деді ДСМ ресми өкілі.

Айта кетейік, жедел медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі бұйрықтың жобасын әзірледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға