Жаңалықтар

ДСМ-де отандық медицина өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды

ДСМ-де отандық медицина өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды
Фото: ҚР ДСМ 18.03.2023 19:20 926

Денсаулық сақтау министрлігінде «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп денсаулық сақтау жүйесінде отандық тауар өндірушілерді дамыту мәселелерін талқылады,  деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ДСМ-ге сілтеме жасап. 

Министр кеңеске қатысушыларды келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен инновациялық бірегей препараттар өндірісін айқындау, отандық өндірушілермен дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын ұзарту бағытында Министрліктің фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етті, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелері көтерілді.

Кездесу барысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын реттеу, медициналық техниканы сатып алу, дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалаудың проблемалық мәселелері талқыланды.

«Атамекен» ҰКП жұмыс топтарында қаралатын және шоғырландырылған ұстанымдар қабылданатын проблемалық мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар берді. Бұдан басқа, Министрліктің базасында ҰКП және мүдделі ұйымдармен бірлесіп үйлестіру кеңесін құру туралы шешім қабылданды, оның шеңберінде фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту, сондай-ақ фармацевтика нарығының ағымдағы проблемаларын шешу жөніндегі стратегиялық шешімдер әзірленетін болады.

Кеңес соңында қатысушылар Министрлік пен Ұлттық палатаның бұдан әрі бірлескен жұмысын осындай нәтижелі форматта жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға