Жаңалықтар

ДСМ ботокс салатындарға ескерту жасады

ДСМ ботокс салатындарға ескерту жасады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 19.07.2023 16:35 1168

ҚР ДСМ мәліметінше, соңғы жылдары арнайы дәрілік препараттардың негізінде инъекциялық ем-шаралар қолданылатын ботулинотерапия (ботокс) ем-шарасы кеңінен сұранысқа ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Министрлік мұндай сұлулық инъекциялары терінің патологиялық өзгерістерін жасарту және жою мақсатында экстетикалық медицинада жиі қолданылатындығын алға тартады. Дегенмен косметологиялық клиникаларға барған кезде міндетті түрде ботокстың жарамдылық мерзіміне және оның Қазақстанда тіркелгеніне назар аудару керек.

Бүгінгі күні дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне сәйкес ҚР-да ботулинотерапияда қолдануға арналған 12 дәрілік зат тіркелген. Олар «Ботулакс», «Ксеомин», «Вистабель», «ФОРТОКС®️», «Диспорт®️», «Нейронокс» сауда атауларымен ұсынылған. Бұл дәрілер дәрігердің рецепті бойынша қатаң түрде беріледі, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар дәрілік заттарды рецептсіз сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те көзделгені айтылды.

Бұдан бөлек ДСМ инъекцияларды өз бетінше енгізбеуге кеңес береді.

Инъекцияларды өз бетінше енгізбеуге, тек сертификатталған мамандардың қызметтерін пайдалануға және елімізде тіркелген, дәрігердің рецепті бойынша жазылған дәрілік заттарды ғана сатып алыңыз. Ұйымның таңдалған ем-шараларды жүргізуге лицензиясы бар екеніне көз жеткізу маңызды, - делінген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға