Жаңалықтар

«Дрондар шоуы»: Астанада арнайы Shuttle-автобустар ұйымдастырылады

«Дрондар шоуы»: Астанада арнайы Shuttle-автобустар ұйымдастырылады
Фото: Астана қалалық әкімдігі 05.07.2024 14:54 323

ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де «OPEN AIR» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін шамамен сағат 22:15-те (22:30) «ASPAN» дрон-шоуы жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін Ұлы дала даңғылы – Түркістан – Т.Рысқұлов – Ақмешіт көшелерінде қозғалыс шектеледі. Елордалықтар шектеулерді ескере отырып, маршрутты алдын ала жоспарлауы қажет.

Кептеліс тудырмас үшін жеке көліктен бас тартқан жөн. Ыңғайлы болуы үшін елорда әкімдігі 2 тегін автотұрақ дайындайтын болады. Жүргізушілер бұл орындарға жеке көлігін қалдырып, концерт өтетін жерге жеткізетін арнайы автобустарға («Shuttle Bus») отыра болады. Іс-шара аяқталғаннан кейін аталмыш автобустар ниет білдіргендерді қайта жеткізеді.

Жеке көлікті қалдырып, автобусқа ауысуға болатын орындар: Бас мешіт тұрағы (Мәңгілік Ел көшесі, 65) және «Барыс Арена» тұрағы (Тұран даңғылы, 57).

Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады. Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға