"Дрон үшін ағашқа шыққан": Құтқарушылар ер адамды биіктен түсірді
12.05.2025 05:32
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Алматы облысының Есік қаласында ерекше жағдай орын алды. Кешкі уақытта 2002 жылы туған жас жігіт ұшып кеткен дронын ағаш басынан түсіру үшін өрмелеп шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алайда, жоғары көтерілгенімен, кері түсу оңай болмады — жігіт ағаштың ұшар басында қалып қойған.
Аса биіктен өздігінен түсе алмаған азаматқа көмекке төтенше жағдайлар қызметі жетті. №3 өрт сөндіру бөлімінің мамандары арнайы автосатының көмегімен оны жерге аман-есен түсіріп алды.
Абырой болғанда, жігіттің денсаулығына еш зиян келмеген. Медициналық көмек қажет етпеген ол құтқарушыларға ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

